Мінсіз басқарушы


По подписке: бесплатно

Мінсіз басқарушы

По подписке: бесплатно
3.13 (0 отзыв(а))
Добавить Читать


Поделиться в социальных сетях
Скопировать ссылку Скопировано в буфер

Американың  ең бір беделді журналдарының бірі ExecutiveExcellance-та жарияланған  100 жетекші кеңесші тізімінде ғылым докторы Ицхак Адизес рейтингтің үздік 30 қатысушысының қатарынан орын алған. Ол өзін «ұйым терапевімін» деп атап, компанияларда диагностика қою мен емдеудің өзіндік әдістемесін ұсынады («терапия» деген грек сөзі ішкі ауруларды хирургиялық емес жолмен емдеп жазуды білдіреді). Адизестің ойынша, хирургиялық жолмен емдеу – «компанияның топ-менеджерін ауыстыру – өзгерістерге бастайтын ең жылдам, бірақ сонымен қатар жанға қатты бататын және қауіпті тәсіл».

Ғылым докторы Ицхак Адизес ұйымның өмірлік циклінің және қиындықтарды кикілжіңдерсіз еңсерудің күллі әлемге танылған теорияларының, сондай-ақ оның есімімен аталатын әдістеменің (Адизес әдістемесі) авторы ретінде белгілі. Ғылым докторы Адизес әдістемесін төрт басқару стилін қамтитын PAEI деп аталатын кодқа негіздеп құрған: 1) өндіруші стилі – нақты нәтижеге бағдар (P); 2) әкімші стилі – басқаруға бағдар, айқын нормалар мен ережелер жасап, соларды сақтау (A); 3) кәсіпкер стилі – бастама мен түбегейлі өзгерістерге, қайта жаңаруға бағдар (E); 4) ықпалдастырушы (біріктіруші) стилі –  компания ұжымын біріктіруге, топтастыруға бағдар (I). Барлық төрт рөлді қатар атқару бір адамның қолынан келмейді. Ол қанша тырысқанмен, бір рөлі дұрыс шықса, екіншісі ақсап қалуы мүмкін. Одан шығатын жол – басқарудың әртүрлі стилін меңгерген және бір-бірлерінің осал тұстарын реттеп отыратын адамдардан тұратын команда құру. Команда мүшелерінің арасында міндетті түрде жұмысты ұйымдастыратын, ұжым мүшелерінің рухын көтеріп отыратын қабілеті бар беделді көшбасшы болуы керек. Әйтпесе команда тығырыққа тіреліп, ақырында, тарап тынады. Көшбасшының міндеті – аталған стильдердің біреуі ғана басымдық алғанына жол бермеу. Сонда ғана, Ицхак Адизес ойлағандай, компанияға ешқандай дағдарыс қауіп төндіре алмайды. Бұл әдістеме жүздеген компанияда «клиникалық» сынақтан өткен. Барлық жерде дағдарысқа қарсы осы технология жақсы нәтиже көрсеткен.

Категории

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Оцените конспект книги

Похожие книги

Связаться с нами